2020 жылдың 11 айында әртүрлі кері байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Отиніш білдіру себептерінің арасында: МӘМС мәртебесін алу, дәрілік заттардың болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен стационарларда медициналық көмек көрсету сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, емдеуге жатқызудан бас тарту және т. б.