Ұзынағаш ауылындағы «DN Medicus pharm» медициналық орталығының екінші қабатынан емхана ашылды. Былтыр дәл осы қаңтар айында ашылған жаңа ғимараттың бірінші қабатында созылмалы бүйрек ауруларын емдейтін гемодиализ бөлімі өз жұмысын бастаған еді.
Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылу салтанатын өткізген шараға аудан әкімі Бағдат Әлиев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Бағдат Байшалұлы (@b.b.aliev) «DN Medicus pharm» медициналық орталығының директоры, кәсіпкер Арайлым Еркінбаева мен жолдасы Ақылжан Тілешбаевке аудан тұрғындарының атынан алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес елімізде халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша алғашқы медика санитариялық көмек көрсетіледі.
«DN Medicus Pharm» компаниясының емханасы дәл осы екі көрсеткіш бойынша халыққа қызмет ететін медициналық ұйым, емхана.
Орталықта жоғары медициналық білімі бар, бейінді мамандар (терапевт, хирург, кордиолог, гинеколог, эндокринолог, окулист, лор сынды дәрігерлер) қызмет көрсетеді. Азаматтар дәрігерлердің қабылдауында және консультациясында болып, сондай ақ түрлі диагностика түрлерінен өтіп, стационарды алмастыратын емдеу манипуляциялары мен емшаралар алатын болады.
#DNMedicuspharm
#Денсаулық
#медицина
#ЖамбылАуданы