«JJJ» «Жер Жаннаты Жетісу» жобалар байқауын жариялаймыз «Jer Jannaty Jetisy» жаңа жастар арасындағы кәсіпорындарын бастау үшін оқыту және гранттар бөлу арқылы кәсіпкерлік қызметті насихаттауға бағытталған. Жастар арасында бизнес-идеяны жүзеге асыру, азаматтық белсенділікті қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Байқауға Алматы облысының 14-35 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Байқау келесі бағытта өтеді: - «Ауылдық бизнес». Ауылдың шағын және орта бизнесін дамытуға бағытталған жобалар. Жастар кәсіпкерлігін дамыту. Байқаудың кезеңдері: I кезең - байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау - 19 қарашадан 27 қарашаға дейін. II кезең - жобаларды таныстыру және комиссияның бағалауы - 2 желтоқсан. Жобаның авторы (авторлары) ZOOM платформасы арқылы мультимедиялық презентацияны қолдана отырып жобаны ұсынуы қажет. Жобаны қорғау уақыты - 10 минуттан аспау қажет. ІІІ кезең - байқаудың жеңімпаздарың ақшалай сертификаттармен марапаттау. Грант сомасы 500 мың теңге. ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ Байқауға қатысу үшін міндетті түрде өтінімнің болуы қажет. Авторлардың қалауы бойынша жобаға фотосуреттер, бейнефрагменттер, презентациялар және таңдалған тақырып бойынша жобаның мазмұнын ашуға бағытталған басқа да ақпарат кіруі мүмкін. Жоба (флеш-карта, СD-диск) электрондық форматында Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36А (Достық үйі ғимараты, 117 кабинет) мекен жайына немесе электрондық поштаға dom-druzhby@mail.ru ұсынылуы тиіс. Байланыс телефоны: 8 775 947 21 21 Конкурсқа қатысатын жобалар қайтарылмайды. Өтінім нысаны 1. Үміткердің Аты-Жөні 2. Туған күні, жеке куәлігінің нөмірі, мекен-жайы 3.Жоба атауы 4. Жобаның қысқаша мазмұны 5. Жобаның іске асырылатын орыны 6. Байланыс телефоны және электрондық пошта мекенжайы