БАЙҚАУ!
Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!
2020 жылдың 9 - 16 қараша аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы — еліміздің болашағының айқын көрінісі» атты «ҮЗДІК МАҚАЛА» байқауы өтуде.
Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және қорытынды кезең.
Мақаланы бағалау барысында келесі шарттарға ерекше көңіл аударылады:
✔️ Авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы, көркемдік шеберлігі, қызық идеялар мен жарқын бейнелердің болуы;
✔️ мақаланың құрылу тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.);
✔️ мақала құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)
Байқауға жіберілетін жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
✔️ Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін Қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы тарапынан анықтап, бекітеді
✔️ Мақала көлемі Microsoft Word редакторының А4 форматында 2(екі) беттен кем болмауы тиіс.
– Байқау қорытындысы аудандық «Атамекен» газетіне, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.
Байқау жүлделері:
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
⚡ Ұсынылатын материалдар мына мекен-жайға жолдануы тиіс:
Алматы облысы Жамбыл ауданы « Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі 56 (аудандық әкімдік ғимараты).
Байланыс телефондары: 8(72770) 2-13-55, 2-24-31,
e-mail: ovp_zhambyl77@mail.ru
Мақаланың соңына қосымша ақпарат ретінде:
Қатысушының аты-жөні,
туған күні,
оқу немесе жұмыс орны,
эл. пошта
байланыс телефондары жазылуы тиіс.