Бүгін Павлодар облысы, Ақсу қаласынан арнайы келген делегаттар аудан әкімі Бағдат Әлиевпен жолықты.
Ондағы мақсат — Павлодар облысы,Ақсу қаласы және оның ауылдық округтеріне қажетті тапшы мамандарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы, жеңілдікпен Ақсу өңіріне қоныс аударуға шақыру.
Жамбыл аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Қайратхан Мәдіғұлов Іс-сапарға келген Ақсу қаласы, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Марат Омарбаев пен Ақсу каласы М.Омаров ауылдық округінің әкімі Сукер Болатханды жас мамандармен кездестірді.
Санитарлық нормаларды сақтай отырып, студенттерді жеке-жеке қабылдаған Ақсулық мамандар
«Дипломмен ауылға», «Серпін», «Еңбек» бағдарламалар бойынша кеңінен ақпарат берді. Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысына қоныс аударған жас мамандарға жеңілдік көп: көшіп барған жас маманға арнайы өңірлік квотамен көші-қон шығындары төленеді;
Бір жылға дейінгі пәтер ақысы төленеді;
Жас маманға берілген үйді несие алу үшін кепілдікке қоюға болады;
Сондай-ақ, қоныс аударушылар тек жас мамандармен ғана шектелмейді, оған орта білімі (3 айлық сертификаттар) бар жұмысшылар да қатыса алады.
Толық ақпаратты суреттегі байланыс номерлері арқылы біле аласыздар.